Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 4 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Nickelodeon мен TiJi келесі жылдан бастап қазақ тілінде көрсетіледі

    Nickelodeon мен TiJi келесі жылдан бастап қазақ тілінде көрсетіледі

    Ел іші 15/12/2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2021 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша танымал балалар арналарының мультипликациясын қазақ тіліне аудару бойынша ауқымды жобаны іске асыру басталды.

    Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және балалар контентін мемлекеттік тілде дамыту аясында жүзеге асуда. Балалар арасында жоғары сұранысқа ие TiJi және Nickelodeon телеарналарының аудиожазбаларын отандық кабельдік телевизия бойынша кемінде 600 сағат дубляждық аудару және трансляциялау жоспарлануда. Трансляция 2022 жылы басталады деп жоспарлануда.

    Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 29 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен «Groupe M6» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар қоржынын халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрье (TiJi) өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайту және одан әрі жалғастыру ниетін білдіре отырып, жан-жақты ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асыруға дайындығын білдірген болатын.

    Айта кетейік, 2020 жылы қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты Қазақстандағы балалар телеарналары мен Youtube-арналарының контентін тұтыну бойынша сауалнама жүргізе отырып, «Қазақстандағы балалар теледидары» әлеуметтік зерттеуін жүзеге асырған болатын. Сауалнамаға қатысқандардың саны: балалары бар 1200 ересек адам, яғни респондентті құрады.

    «Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан сауалнамаға қатысқан қазақстандықтар арасында TiJi және Nickelodeon арналары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың арасында танымалдығы атап өтілді.

    Осыған байланысты, белгілі Nickelodeon, TiJi балалар телеарналарымен келіссөздер басталып, 2021 жылы олардың контентін қазақ тіліне аудару бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

    Айта кету керек, балалар телевизиялық контентін өндірушілерді таңдау кезінде балалар телеарналарының осындай жобаларды іске асырудағы тәжірибесі мен хабар тарату тілдерінің саны да ескерілді. Мәселен, «Nickelodeon» арнасының 70 елде 22 тілде, «TiJi» арнасының 20 елде 14 тілде хабар тарату тәжірибесі бар», — делінген министрлік хабарламасында.

    Жоба мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және өскелең ұрпақ арасында ана тілін құрметтеу деңгейін арттыру мақсатындағы ҚР АҚДМ шараларының бірі болды.

    «Тілді оңай әрі еркін меңгеру үшін балаларға арналған қызықты, тартымды, мазмұнды фильмдерді көрсету маңызды», — деп атап өтті ҚР АҚДМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Ұлықбек Тналиев.

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.