Автор: admin
2026 жылы Президент Іс басқармасының тапсырысы бойынша марапаттар мен медальдар дайындауға 1,4 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Келісімшартты орындаушы — Қазақстан Ұлттық банкінің Монета сарайы, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл сомаға ең жоғары мемлекеттік наградалардың бірі — «Халық қаһарманы» атағынан бастап, көпбалалы аналарға берілетін «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілеріне дейін кіреді. Айта кетейік, 2025 жылы бұл мақсатқа шамамен 1 миллиард теңге бағытталған болатын. Дереккөздер мәліметінше, кейінгі үш жылда Президент Іс басқармасының марапаттарға жұмсайтын шығыны айтарлықтай артқаны байқалады.
Қазақстанда бір адамның атында 1015 пәтер тіркелген, деп хабарлайды Tarazy.kz 27 ақпандағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметі бойынша елдегі пәтер иелігі былай бөлінеді: 172 236 адамның екіден көп пәтері бар; 11 072 адамның бестен көп; 1 267 адамның оннан көп; 281 адамның жиырмадан көп; 74 меншік иесінің елуден аса пәтері бар. Ең таңғаларлығы, бір жеке тұлғаның атына 1015 пәтер тіркелген. Жалпы Қазақстан бойынша 3 470 289 пәтер есепке алынған. Ал халық саны — шамамен 20,5 миллион адам. Елдегі баспана қоры барлық отбасын толық қамтуға жеткілікті деп айту қиын. Себебі тұрғын үйлердің едәуір бөлігі бірнеше пәтері бар адамдардың қолында шоғырланған.…
Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі болып қаза тапқан аятолла Әли Хаменейдің 56 жастағы ұлы Моджтаба Хаменеи тағайындалды, деп хабарлайды Tarazy.kz DW агенттігіне сілтеме жасап. Мұндай шешімді шиит дінбасыларының жоғары өкілдерінен құралған 88 мүшелі Сарапшылар кеңесі қабылдаған. Әзірге Иран билігі мен мемлекеттік БАҚ бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Алайда дереккөздер бұл шешім Ислам революциясы сақшылары корпусының қысымымен қабылдануы мүмкін екенін айтады. Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін елді уақытша үш адамнан тұратын алқалы кеңес басқарып отыр. Оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституцияны қорғау кеңесінің мүшесі аятолла Әлиреза Арафи кірген. Аятолла Әли Хаменеи Иранды 1989 жылдан бері…
Семей қаласындағы балалар ойын-сауық орталығында болған өртке қатысты ресми ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Комитеттің мәліметінше, зардап шеккен балалар жоқ. Екі бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенімен, тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілген. Қазіргі уақытта балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Оқиға орнында Абай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр. Өрттің себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтауда. Құзырлы мекемелер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпарат таратпауға шақырды. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен өрт толықтай сөндірілді.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи парламент мінберінде сөйлеген сөзінде қазіргі геосаяси жағдай мен жаңа Конституция жобасының маңызы туралы пікір білдіріп, қоғамға үндеу жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz Депутат өз сөзінде әлемдегі саяси ахуалдың күрделене түскенін атап өтті. “Жер шарының үлкен ауқымын соғыс өрті шарпып, бізге жақын Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс елдері соғыс аймағына айналған кезде мен бұл сөзімді елдің ертеңі мен қауіпсіздігіне деген азаматтық және саясаткерлік жауапкершілікпен, жанашырлықпен арнаймын”, — деді ол. Депутат өзін биліктің насихатшысы емес, керісінше мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің тұрақтылығын, ел тұтастығын сақтауды қолдайтын азамат ретінде сөйлеп тұрғанын жеткізді. “Біз бір ескерте кететін жағдай бар. Әлдекімдер айтып жүргендей, мен…
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында орналасқан АҚШ консулдығы маңында дрон құлағаны туралы ақпарат тарады. CNN телеарнасының дереккөзі бұл ұшқышсыз аппарат Иранға тиесілі болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Tarazy.kz АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдегендей, ұшқышсыз аппарат консулдық ғимараты жанындағы автотұраққа құлаған. Оның айтуынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, себебі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталар алдында дипломатиялық мекеменің көптеген қызметкері қауіпсіз жерге көшірілген. Телеарнаның хабарлауынша, консулдық ғимаратының үстінен қою қара түтін көтерілгені байқалған. Дубай билігі де X әлеуметтік желісінде консулдық маңында дронға қатысты оқиға болғанын растады. Мәліметке қарағанда, шыққан өрт жедел түрде ауыздықталып, адам шығыны тіркелмеген. Оқиғаға қатысты…
Алматыда мемлекет меншігіне қайтарылған активтердің бірі — Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы аукцион арқылы сатылмақ. Нысанды бұған дейін мемлекетке Қайрат Сатыбалды тапсырған, деп хабарлайды Tarazy.kz Тергеу барысында ғимарат заңсыз жолмен алынғаны анықталып, 2023 жылы Қаржы министрлігінің балансына берілген. Енді оны Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мемлекеттік аукцион платформасында саудаға қояды. Бастапқы бағасы — 61 миллиард теңге. Бұл сомаға ғимараттың өзін және жер телімін жалға алу құқығы кіреді. Kaisar Plaza — тоғыз қабатты кешен, панорамалық қабаты мен автотұрағы бар заманауи сауда-кеңсе орталығы. Қазір мұнда 53 жалға алушы жұмыс істейді. Олардың қатарында ірі банктер, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық тамақтану орындары бар. Аукционға қатысу…
Бүгін Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ақбалаұлы Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Тағылымы мол шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сәндібаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев пен Имамзада Шағыртаев, облыстық мәслихат депутаты Жорабек Нұрымбетов, «Тоғызқұмалақ спорты федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева, Қожа Ахмет Яссауи университетінің «Халықаралық Түркі зияткерлік ойындар» орталығының басшысы, халықаралық дәрежедегі төреші Қашымхан Дәуренқұлов, Қызылорда облыстық тоғызқұмалақ…
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Tarazy.kz Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Ержан Сәденов: биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендегенін жеткізді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3 мыңға аз. Құқықбұзушылықтың негізгі санаттарындағы көрсеткіш төмендеп, қылмыстарды ашу деңгейінің артқаны байқалады. Интернет-алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жалғасуда. Алдын алу шаралары және шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың арқасында киберқылмыс көлемі 4 пайызға төмендеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 11 топтың қызметі тоқтатылды. Есірткі…
Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының Қазақстан филиалында шамадан тыс зиянды заттарға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Tarazy.kz Тексеру нәтижесінде 2024 жылы компания қоршаған ортаны ластаушы заттардың шамадан тыс болғаны және ағынды сулардың төгілуіне жол бергені анықталды. Осы қорытындылар негізінде компания Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 2,07 миллиард теңгені құрады. Айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі аяқталған жоқ. Сонымен қатар, департамент шамадан тыс шығарындылар мен төгінділердің себептерін талдау, сондай-ақ болашақта осындай бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және енгізу туралы бұйрық…