Автор: admin

Қазақстанның жергілікті маңызы бар жолдарында биыл 251 адам жол апатынан қаза тапқан. Қайғылы жағдайлардың 90 пайызы Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарына тиесілі, деп хабарлайды Tarazy.kz Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жергілікті маңызы бар жолдар әкімдіктердің құзыретіне жатады. Бұл жолдардағы негізгі себептердің қатарында көліктердің маңдайша соқтығысуы, кедергілер мен жануарларды қағу, сондай-ақ көліктің аударылуы бар. Министрлік Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарындағы жағдайды ерекше атап өтті. Өңір әкімдіктеріне жол қоршауларын және жол белгілерін орнату, жол жиегін қауіпсіз ету, шұңқырлар мен ойықтарды жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар елді мекендердегі жол инфрақұрылымының жағдайы да алаңдатып отыр. Барлық жол-көлік оқиғаларының 80 пайызы және қаза болғандардың…

Read More

Қазақстанда доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Тамыз айының басынан бері америкалық валюта 475 теңгеден 445 теңгеге дейін төмендеді. Әсіресе қыркүйек айында доллар бағамының құлдырауы айқын байқалды. Соңғы екі апта ішінде америкалық валютаның құны 450 теңге межесінен төмен түсті. Осылайша, соңғы бір жарым айда доллар бағамы шамамен 30 теңгеге арзандап отыр.

Read More

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ғылым зертханасы» атты жаңа жоба іске қосылды. Жоба аясында көпшілікке ғылыми-зерттеу зертханаларының есігі ашылып, онда қандай жұмыстар жүргізілетіні таныстырылады. Бүгінде ҚазҰУ-да 200-ге жуық зертхана жұмыс істейді. Бұл жерде күн сайын ғылыми ізденістер жүргізіліп, жаңа технологиялар әзірленіп, тың жаңалықтар ашылып жатыр. Алғашқы шығарылым Қазақстан мен Орталық Азиядағы осындай бағыттағы алғашқы мамандандырылған ғылыми-білім беру орталығы саналатын ҚазҰУ-дың Ми институтына арналды. Ми институты немен айналысады? Ми институты 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ҚазҰУ-дың Когнитивті нейроғылым орталығының негізінде құрылған. Қазір мұнда когнитивті, мінез-құлықтық және есептеу нейроғылымы, сондай-ақ нейролингвистика бағыттары бойынша зерттеулер жүргізіледі. Институт директоры Альмира Құстубаеваның айтуынша,…

Read More

InDrive негізін қалаушы Арсен Томский Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығындағы киімдердің бағасын сынға алды. Бұл туралы ол Threads желісінде жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, ол маусым айының басынан бері Алматыда болмаған. Қалаға оралған соң киімі аз екенін байқап, жақын жердегі Esentai Mall сауда орталығына барған. «Жұмсартып айтқанда, мен аса кедей адам емеспін. Бірақ мың доллар тұратын футболкалардың бәрін кім сатып алады? Ең бастысы, не үшін?», – деп жазды Томский. Айта кетейік, Forbes Kazakhstan-ның 2026 жылғы мамырдағы рейтингі бойынша, Томский Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкердің арасында 12-орында тұр. Басылым оның дәулетін 865 млн долларға бағалаған. Бұған дейін, тамыз айында, Томский Камила Лұқпановаға…

Read More

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының алғашқы жарыс күнін төрт алтын және екі қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Ел қоржынына Рината Сұлтанова, Алексей Луценко, Жоламан Бигабыл және Софья Берульцева алтын, Арлан Жаңабай мен қазіргі бессайыстан ерлер құрамасы қола жүлде салды, деп хабарлайды Dala News. Алғашқы алтынды велошабандоз Рината Сұлтанова жеңіп алды. Ол әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста 36:23.72 нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті. Қытайлық Чжан Хао күміс, Оңтүстік Корея өкілі Син Джиын қола медаль иеленді. Бұл — Қазақстанның қазіргі Азиададағы алғашқы алтыны. «Алғашқы алтын медальдің орны әрқашан ерекше. Бұл жеңіс бүкіл ұлттық құрамаға жақсы серпін береді», —…

Read More

Пойыз машинисі далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы тауып алған, деп хабарлайды Tarazy.kz 20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек — Үштөбе учаскесінің Тауарасы — Айнабұлақ аралығында жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған төрт жасар баланы байқаған. Машинист шамамен 38 шақ/сағ жылдамдықпен қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына отырғызып алған. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлаған. Бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылған.

Read More

Ресейде 18-20 қыркүйек аралығында түрлі деңгейдегі сайлау өтті. Үш күнге созылған науқанның басты бөлігі Мемлекеттік думаның тоғызыншы шақырылымын жасақтауға арналды. Сонымен бірге бірқатар өңірде губернаторлар, аймақтық парламенттер мен жергілікті өкілді органдар сайланды. Саяси науқанның алдын ала қорытындысы бойынша, “Единая Россия” партиясы басымдығын сақтап қалды. Осы тұста Ресейдегі сайлаудың негізгі нәтижелері мен оның саяси маңызына шолу жасап көрдік. Айта кетейік, бұл жолғы дауыс беру тек парламент құрамын жаңартумен шектелген жоқ. Сайлау Украинадағы соғыс жалғасып, Ресей экономикасына санкциялық қысым күшейген тұста өтті. Сондықтан оның нәтижесі Кремльдің ішкі саясатына берілген баға ретінде де қарастырылып отыр. Үш күнде қандай сайлаулар өтті? 20 қыркүйек Ресейде…

Read More

Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік шығындардың тиімділігіне қатысты бірқатар мәселені көтерді. Оның айтуынша, бюджет қаражатының артық жұмсалуына заңсыз әрекеттермен қатар, қажетсіз рәсімдер де себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы депутат Telegram арнасында жазды. Аймағамбетов мысал ретінде мүгедектікті қайта растау үшін азаматтарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу талабын атады. Оның сөзінше, адамның жағдайы тұрақты әрі қайтымсыз болса және госпитализация емдеуге қажет болмаса, тек медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама алу үшін стационарға жатқызудың қажеттілігі жоқ. Мұндай жағдайда азамат дәрігерге жазылып, анализ тапсырып, жолдама рәсімдеп, госпитализация кезегін күтуге мәжбүр болады. Бұл МӘМС жүйесі үшін қосымша шығынға, дәрігерлерге артық жүктемеге және басқа пациенттердің…

Read More

Алматыда автотұрақтар қымбаттайды. Жоба қалалық мәслихат сессиясында таныстырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Коммуналдық ақылы автотұрақтардағы сағатына 100 теңге деген тариф 2016 жылдан бері өзгерген жоқ. Осы уақыт ішінде қаладағы көлік саны 1 миллионнан асып, жол-көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеме артқан. Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, бірыңғай тариф қаланың орталық бөлігінде жеткіліксіз болып отыр. Соның салдарынан жүргізушілер бос орын іздеп, қосымша жүруге мәжбүр болады. Осы мәселені шешу үшін автотұрақ тарифін аумақтағы көлік жүктемесі мен оның ерекшелігіне қарай белгілеу ұсынылған. Жоба бойынша көлік жүктемесі төмен учаскелерде сағатына 100 теңге деген тариф сақталады. Жүктемесі орташа аумақтарда тариф…

Read More

Жамбыл облысындағы «Әулие-Ата» әуежайы авиакеросинді негізсіз жоғары бағамен сатып, монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаменті әуежайдың баға белгілеу саясатын тексеру барысында авиакеросинді сату кезінде бағаның негізсіз көтерілгенін анықтаған. Алайда әуежай басшылығы тергеу қорытындысымен келіспей, оны бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда дауласқан. Соған қарамастан, Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы монополияға қарсы орган жүргізген тексеру нәтижелерін заңды деп таныды. Кейін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында кәсіпорын өз кінәсін мойындаған. Тексеру нәтижесінде заң бұзу арқылы алынған 25,2 миллион теңге көлеміндегі монополиялық табыс мемлекет кірісіне өндірілді. Бұдан…

Read More