Автор: admin

Қазақстанда тағы алты автожол ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Көлік министрлігі республикалық маңызы бар бірқатар жол учаскелерін ақылы санатқа көшіруді ұсынып отыр. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев елімізде ақылы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын баяндады. Оның мәліметінше, бүгінде Қазақстанда жалпы ұзындығы 4 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол телімі жұмыс істеп тұр. Ал 2026 жылы ұзындығы шамамен 2 мың шақырым болатын тағы алты жаңа учаскені іске қосу жоспарланған. Олар: Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал — 554,6 км Бурылбайтал – Құрты — 226,4 км Ақтөбе – Қандыағаш –…

Read More

Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды, деп хабарлайды Tarazy.kz 2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр. Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 4 мыңнан астам қазақстандық турист шетелде қалып қойғаны хабарланған болатын. Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстаннан барған 4 мыңнан астам турист БАӘ, Катар және Сауд Арабиясында қалып қойған. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қоры мәлімдеді. Қор өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда барлық туристердің жағдайы қалыпты, қауіпсіздікке қатысты мәселе жоқ. Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтар үшін жедел байланыс желілерін…

Read More

Қазақстанның Энергетика министрлігі «Шесхарис» мұнай құю терминалындағы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz «Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес Новороссийск портындағы «Шесхарис» мұнай құю терминалындағы оқыс оқиға қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштеріне кері әсерін тигізген жоқ», — деп жазылған хабарламада. Ведомство мәліметінше, отандық мұнай өндіру процесі және оны экспорттау қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр. «Қазақстан мұнайын жеткізуде пайдаланылатын экспорттық инфрақұрылым жұмысында іркіліс тіркелген жоқ. Энергетика министрлігі жағдайды бейінді ұйымдармен және инфрақұрылым операторларымен өзара іс-қимыл шеңберінде тұрақты бақылап отыр», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, 2 наурызда Новороссийск қаласында ірі өрт шықты. Сарапшылар оны Ресейдің экспорттық инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі — «Шесхарис» мұнай…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда. «Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 86 мыңнан астам орындық 77 мектеп пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан», – деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов. Еске сала кетейік, Қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Read More

Дубайдағы Иран зымыраны түскен  Fairmont The Palm резиденциясында қазақстандықтардың тұратыны белгілі болады. Бұл туралы белгілі журналист Манас Қайыртай желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Tarazy.kz Журналистің мәліметінше, Fairmont The Palm резиденциясында қазақ байларына тиесілі 97 пәтер анықталды. “Иран АҚШ пен Израильдің шабуылына қарымта соққы жасау үшін Парсы шығанағындағы америкалық әскери базаларға зымыран, дрон ұшырған. Соның бірі Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясына түскен. Бір бөлігі қонақ үй, тағы екі ғимараты тұрғын үй. C4ADS ұйымының 2022 жылғы дерегі бойынша бұл резиденциядан қазақстандықтар 97 пәтер алған. Олардың кейбірі бұрын билікте лауазымды қызмет атқарғандардың туыстары” — деп жазды журналист. Журналист Fairmont The Palm резиденциясынан үй алған…

Read More

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мектеп директоры С. мен бас есепші А.-ға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Tarazy.kz Тергеу дерегіне сай 2015–2024 жылдары олар мекемеде іс жүзінде жұмыс істемеген алты қызметкерді табельге енгізіп, шамамен 29 млн теңге жымқырған. Сондай-ақ, директор 501 оқушыға заңда қарастырылмаған оқу ақысы жеңілдігін беріп, мектепке 183 млн теңге шығын келтірген. Бұдан бөлек, 0-сыныптарды ұйымдастырып, ата-аналардан түскен қаржыны есепке қоспаған. Осы эпизод бойынша 305 млн теңге иемденілгені анықталған. Жазғы лагерь қаражаты мен шетелдік мұғалімдердің жалақысына қатысты заңсыз әрекеттер де тіркелген. Жалпы келтірілген шығын көлемі жүздеген миллион теңгеге жеткен. Сот С.-ны 8 жылға, А.-ны 7 жылға…

Read More

Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты 4 мыңнан астам қазақстандық турист шетелде қалып қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстаннан барған 4 мыңнан астам турист БАӘ, Катар және Сауд Арабиясында қалып қойған. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қоры мәлімдеді. Қор өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда барлық туристердің жағдайы қалыпты, қауіпсіздікке қатысты мәселе жоқ. Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтар үшін жедел байланыс желілерін іске қосқан еді. Сонымен қатар Иран аумағында жүрген қазақстандықтарды төрт ел арқылы эвакуациялау жоспарланып отырғаны хабарланған.

Read More

Дәл қазіргі сәтте Қазақстан даму жолында аса маңызды кезеңді басынан өткеруде. Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған конституциялық реформалар мемлекеттік жүйені жаңғыртуға, демократия діңгегін нығайтуға, әділ және ашық басқаруды дамытуға деген баршамыздың талап-тілегімізді айғақтайды. Конституция әрқашан қоғамдық өмірдің негізі болды және солай болып қала береді. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, басқару қағидаттарын анықтайды және елдің дамуының ұзақ мерзімді бағыттарын белгілейді. Сондықтан, негізгі заңға енгізілген кез келген өзгерістің маңызы ерекше және ол тек саяси салаға ғана емес, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық салаларына да әсер етеді. Осындай өзгерістерді көздейтін  реформа 2026 жылдың 15 наурызына жоспарланған жалпыұлттық референдумда талқыға  ұсынылып жатыр. Бұл азаматтарға…

Read More

Семейде көлік ішінен екі адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Алдын ала мәліметке сәйкес марқұмдар Газель маркалы көліктің салонында болған. «Көлік оталып тұрған және ішінен жабылған. Дене жарақаты мен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі — газдан улану», — деді Абай облысы ПД өкілі. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Read More

Шымкентте аудан әкімінің қоластындағыларды соққыға жыққан видеосы тарады. Видеоны заңгер Айгүл Орынбек жариялады. Оның сөзінше, оқиға былтыр қазан айында болған, деп хабарлайды Tarazy.kz «Маған келген кезде «Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековке де, барлық құзырлы органдарға да хабарланған» деген болатын. Қаланың “мықты әкімі” бар емес пе, Ғабит Сыздықбеков заңды түрде шара қолданады деген үмітте болдым», — дейді заңгер. Ол бұл видео журналистерге тарала бастағанына қарағанда, әкімдік тарапынан ешқандай шара қабылданбаған болуы мүмкін дейді. «Видеода Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі өз қызметкеріне күш қолданып, ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Иә, қызметкер жұмысынан айырылып қалмас үшін әкімге қарсы арыз жазбауы мүмкін. Бірақ жанына қатты батқан адам…

Read More