Автор: admin
Bek Air апатына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Tarazy.kz 2019 жылы Алматы қаласында Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Астана бағытына ұшып бара жатып апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай биіктігін жоғалтып, әуежай маңындағы қоршауды бұзып өтіп, тұрғын үйге соғылған. Бортта болған 98 адамның 12-сі қаза тапты. 2025 жылдың қарашасында сот ұшқыштарды әуе қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танығанымен, жаза тағайындаған жоқ. Себебі екі ұшқыш та апат салдарынан қаза болған. Мемлекет сот шығындарын өтеу үшін 1,7 млн теңге төлейді. Әуе компаниясының мүлкіне салынған тыйым сақталады, азаматтық талап-арыздардың жалпы сомасы 4,8 млрд теңгені құрайды. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Соңғы он жылда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге төмендеді. 2014 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 4,9 жағдайдан 2025 жылы 0,9 жағдайға дейін азайған. Осы кезеңде аурудың таралуы 2,5 есеге кеміп, 100 мың тұрғынға шаққанда 105,9-дан 38,9-ға дейін төмендеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша гранты жобаларын іске асыру тобының менеджері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шахимұрат Исмайылов осылай деді, деп хабарлайды Tarazy.kz Спикердің айтуынша, бұған туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны жүйелі түрде жүзеге асырып, жаңа молекулярлы-генетикалық диагностика әдістерін енгізіп, туберкулезге қарсы тиімділігі жоғары жаңа дәрілерді қолданып, профилактиканы күшейткеннің арқасында қол жеткен. «Қазақстанда туберкулезді анықтаудың жедел молекулярлы-генетикалық әдісі қолданылады, тиімділігі…
Tengrinews.kz порталына берген эксклюзив сұхбатында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарына дайындық қалай қаржыландырылғанын, толыққанды жағдай қашан жасалғанын айтты, сонымен қатар, табысы туралы жарияланған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz Спортшының айтуынша, дайындықтағы елеулі өзгерістер тек Олимпиада маусымында басталған. Бұған дейін ол жалақыны көтеру, бапкерлерге еңбекақыны арттыру және мамандарды штатқа алу мәселесін бірнеше рет көтерген. «Төрт құрлық чемпионатынан кейін дирекцияға барып, жалақымды көтеруді сұрадым. Ұзақ уақыт бойы өтініш білдіріп жүрдім. Қаражат мамандардың қызметін төлеуге, бағдарламалар мен костюмдер алуға жетпейтін», — деді ол. Оның сөзінше, қаржы — спортшы үшін тек дамуға арналған құрал, ал толыққанды жағдай тек Олимпиада маусымында жасалған. Спортшы мен оның…
Қашаған кен орнын игеруге қатысатын халықаралық компаниялар Қазақстанға қарсы арбитраж рәсімін бастауға ниетті. Бұл туралы Shell компаниясының өкілі мәлімдеген, деп хабарлайды Tarazy.kz Nege.Aqsha телеграм арнасының мәліметінше, даудың туындауына күкіртті сақтау талаптарына қатысты салынған $5 млрд көлеміндегі экологиялық айыппұл себеп болған. Өткен желтоқсанда Астанадағы сот Қашаған консорциумының апелляциялық шағымын кері қайтарғаннан кейін, шетелдік акционерлер халықаралық төрелікке жүгіну туралы шешім қабылдаған. Shell өкілінің айтуынша, компаниялар өздеріне тағылған айыптармен келіспейді және мәселені келіссөз арқылы шешуге талпынған. Алайда бұл әрекеттер нәтиже бермеген соң, олар халықаралық келісімдер негізінде арбитраж бастауға мәжбүр болған. Сонымен қатар дереккөздің мәліметінше, Қазақстан үкіметі де Қашағанға жақын орналасқан игерілмеген Ақтоты мен Қайран…
Белгілі журналист Михаил Козачков «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Дәулет Бақбергеннің ұсталғанын мәлімдеді. Оның жазуынша, экс-басшы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Tarazy.kz Журналистің дерегіне сүйенсек, Бақберген біраз уақыт бұрын Астанада ұсталып, кейін Алматыға жеткізілген. Қазір қылмыстық істі ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Козачков мәселенің мәнін түсіндіре келе, «Проблемалық кредиттер қоры» Қаржы министрлігіне қарасты ұйым екенін атап өтті. Қордың негізгі міндеті екінші деңгейлі банктерден өткен проблемалық активтерді қабылдап, оларды қалпына келтіріп, кейін саудаға шығару екен. Алайда бұл құрылымның жұмысы бұған дейін де депутаттар…
Алматыда балалар спортына бағытталған жаңа бастама пайда болды. Кәсіпкер Кайрат Реимов пен оның серіктестері “Tarlan” атты балалар футбол клубын іске қосты. Жоба тек коммерциялық емес, ең алдымен әлеуметтік миссияға бағытталуымен ерекшеленеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бүгінде Алматыда футбол үйірмелері аз емес. Бағасы әртүрлі, мемлекеттік бағдарламаларға кіретіндері де, жеке жұмыс істейтіндері де бар. Алайда олардың бәрінде бірдей жүйе мен сапа сақтала бермейді. Кейбір клубтарда жаттықтырушылар жиі ауысады, алаң мен зал жетіспейді, тіпті кейбірі жабылып қалып, ата-аналар төлемі күйіп кететін жағдайлар да кездеседі. Одан бөлек, балаларды жас ерекшелігіне қарамай бір топқа жинап, жүйесіз жаттығу жүргізу де жиі байқалады. Мұндай тәсіл балалардың мотивациясына да, ойын деңгейіне…
Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 2 қаңтарда Шыңғырлау ауданында болған, деп хабарлайды Tarazy.kz Криминальный Казахстан арнасына сілтеп. Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, 68 жастағы ер адам қызды алдап, өз үйіне шақырып, сол жерде зорлық жасаған. Оның сөзінше, күдікті кінәсін мойындаған, соған қарамастан полиция ер адамды босатып жіберген. Қыздың әкесі Шыңғырлау ауданында тергеу тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын айтып, өзіне шенеунік тарапынан қоқан-лоқы сипатындағы хабарламалар түсіп жатқанын мәлімдеді. Полиция бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша іс қозғалғанын растаған.
Түркиядан бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Анталья қаласынан бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын экстрадициялады. Тергеу деректеріне сүйенсек, 2019-2020 жылдары күдікті алдау арқылы Шымкент қаласының 4 тұрғынының ақшасы мен жер учаскелерін иемденіп, оларға шамамен 95 млн теңге көлемінде залал келтірген. Күдікті жәбірленушілердің қаражатын иемденгеннен кейін жауапкершіліктен жалтару мақсатында бой тасалаған, оған халықаралық іздеу жарияланған. Кейін ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
Шымкент қаласында тұрғын үйлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адам қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz Otyrar.kz мәліметіне сүйенсек, бес қабатты үйдің бірінде балконды қаптау бойынша жалдамалы жұмыс атқарып жүрген азамат абайсызда бесінші қабаттан құлап кеткен. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қазір тиісті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Tarazy.kz Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды. Осыған байланысты «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-ға келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындалды. Тергеп-тексеру барысында «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды. Аталған әрекеттерден Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтады. Түркістан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының…