Автор: admin

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, азық-түлік алаяқтығынан болатын жаһандық шығын жылына 40–50 млрд долларды құрайды. Адал емес өндірушілердің ең кең таралған тәсілі — қымбат ингредиенттерді арзанырақ баламалармен алмастыру. «Мысалы, арзан балық түрлері лосось немесе тунец ретінде сатылуы мүмкін, ал сүт өнімдері су немесе өсімдік майларымен сұйылтылады. Сондай-ақ таңбалаумен манипуляция жасау да жиі кездеседі: құрам туралы бұрмаланған мәліметтер немесе жалған сертификаттар көрсетіледі», — деп жазады Qazaq Expert Club-тың азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшысы Лаура Аутелеева өзінің Telegram-арнасында. Оның айтуынша, Қазақстанда өнімнің қауіпсіздігін сату кезеңінде бақылауды Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады. Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімі бар. «Азық-түлік өнімдерін зерттеу нәтижелерін…

Read More

Қазақстан азаматы Екатерина Шилова Варшавада өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Бұл туралы «Айран» арнасына оның әпкесі хабарлаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел адам кісі қолынан қаза тапқан. Бұған дейін Екатерина Шилованың Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені белгілі болған еді. Ол Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған, алайда ұшаққа отырмаған. Осыдан кейін онымен байланыс үзіліп кеткен. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилова қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. «Қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның туған-туыстарымен, сондай-ақ, Польша тарапының құзыретті органдарымен байланыста және консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті…

Read More

Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде өткен жоспарлы атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алып, көз жұмды, деп хабарлайды Tarazy.kz Атырау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 наурыз күні далалық атыс жаттығулары барысында болған. Алдын ала деректер бойынша, қайғылы жағдай қаруды пайдалану кезінде жіберілген абайсыздықтың салдарынан орын алған. Жарақат алған әскери қызметші бірден медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазақстан Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі…

Read More

Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған бірегей бастаманы қолға алды. Университет қабырғасында 7M04120 «Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы (EMBA)» білім беру бағдарламасы іске қосылмақ, деп хабарлайды Tarazy.kz Білім беру бағдарламасы мемлекеттік басқару, қоғамдық саясат, азаматтық қоғам институттары мен үкіметтік емес ұйымдар саласында қызмет етіп жүрген мамандарға арналған. Оны сәтті аяқтағандарға мемлекеттік басқару және қоғамдық саясат саласындағы магистрлік дәреже беріледі. EMBA (Executive Master of Business Administration) форматындағы бұл оқу курсы заманауи мемлекеттік менеджменттің барлық талаптарын ескере отырып әзірленген. «Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағдарламасының мазмұны стратегиялық менеджмент, қоғамдық саясатты жобалау, гендерлік саясат, инклюзивті даму және цифрлық…

Read More

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) ақпараттық кеңістікте заңға қайшы контенттің бар-жоғын тексеру ережелерін әзірледі. Құқық бұзушыларға контентті бұғаттау, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, ҚМА өз құзыреті шеңберінде ақпараттық кеңістікті тексеріп, заңға қайшы контентті анықтайды. Нені тексереді? Тексеру барысында ашық дереккөздерде жарияланған ақпарат талданады. Атап айтқанда:– интернет-ресурстар;– әлеуметтік желілер;– мессенджерлер;– бұқаралық ақпарат құралдары;– өзге де ақпараттық-коммуникациялық платформалар. Сонымен қатар агенттік мониторинг жеке деректер және оларды қорғау туралы заң талаптарын сақтай отырып жүргізілетінін мәлімдеді. Егер заңға қайшы контент анықталса, ҚМА мынадай шаралар қабылдайды: – егер қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса — іс…

Read More

Қазақстан Ұлттық банкі елдің ірі қалаларындағы тұрғын үй бағасының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жасады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, баспана нарығындағы баға айырмашылығы көбіне орналасқан жердің артықшылықтары мен тұрғын үйдің сапалық сипаттамаларына байланысты қалыптасады. Бұл өз кезегінде инвестициялық белсенділіктің ең тартымды аудандар мен нарық сегменттеріне шоғырланғанын көрсетеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Астана Астанада пәтердің сол жағалауда орналасуы бір шаршы метрдің бағасын орта есеппен 11,3%-ға қымбаттатады. Ал өзен жағалауына (1 км радиуста) жақын орналасқан тұрғын үйлердің бағасы шамамен 10,4%-ға жоғары. Керісінше, саябақтардан 1 шақырымнан артық қашықта орналасқан пәтерлердің құны орта есеппен 10,5%-ға төмендейді. Сондай-ақ ірі сауда-ойын-сауық орталықтарына жақындық та бағаның өсуіне ықпал…

Read More

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Тараз қаласындағы ауруханада хирургиялық ота жасатты. Қазіргі уақытта спортшы дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Turaninfo.kz жазды. Елдос Сметов – қазақстандық дзюдо спортының ең танымал өкілдерінің бірі. Ол 60 келі салмақ дәрежесінде халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап келеді. Спортшы әлемдік деңгейдегі бірқатар турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосып жүр. Еске сала кетейік, Елдос Сметов дзюдодан өткен ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, Олимпиада ойындарының чемпионы атанған. Сонымен қатар ол әлем және Азия біріншіліктерінде де жүлделі орындарға ие болған. Алдын ала жоспар бойынша, 2026 жылы спортшы халықаралық жарыстарға қатысуға дайындалып жатқан.…

Read More

Қазақстанда бүгіннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді кейбір құқықбұзушылықтар полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз-ақ, цифрлық жүйе мен «ақылды камералар» арқылы автоматты түрде тіркеліп, айыппұл рәсімделеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұған дейін бейнебақылау камералары негізінен көлік жылдамдығын асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту немесе жол белгілерін бұзу сияқты құқықбұзушылықтарды ғана анықтайтын. Ал жаңа өзгерістерге сәйкес, цифрлық жүйе енді басқа да бірқатар тәртіп бұзушылықтарды тіркеп, айыппұл салуға мүмкіндік береді. Мәселен, жүргізушілер рөлде отырып телефон қолданса, қауіпсіздік белдігін тақпаса, көліктің жарық шамдарын дұрыс пайдаланбаса немесе жол қозғалысына кедергі келтірсе, жүйе мұндай әрекеттерді автоматты түрде тіркейді. Сондай-ақ техбайқаудың мерзімі өтіп кетсе немесе сақтандыру…

Read More

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында әкімдік ғимаратын жөндеуге 156 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Tarazy.kz Goszakupturaly парақшасының мәліметінше, Петропавл қаласындағы БАҚ өкілдері аудан әкімдігі ғимаратына қатысты жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы бейнематериал жариялаған. Видеода көрсетілгендей, ғимарат су тасқынынан зардап шекпеген әрі айтарлықтай жөндеуді қажет етпейді. Соған қарамастан, әкімдік 156 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу рәсімін жүргізген. Сатып алу қалай жүргізілген Жөндеу жұмыстары бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілі арқылы жүзеге асқан. Тапсырыс беруші бұл тәсілді төтенше жағдай салдарын жою қажеттілігімен түсіндірген. Алайда бейнематериал мен ашық деректерге сүйенсек, бұл нысанға қатысты нақты төтенше жағдай болмаған. goszakupturaly парақшасының жазуынша, мұндай негіздеме…

Read More

Әлемде мұнай бағасының өсуі Қазақстандағы бензин бағасына әсер етпейді, деп хабарлайды Tarazy.kz Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты мұнай бағасы өсіп жатқанына қарамастан, Қазақстанда бензин құны өзгермейді. «Парсы шығанағы елдері мен Америкада бензин бағасына бұл жағдай әсер етіп жатыр. Біз де жаңалықтардан көріп отырмыз. Ал Қазақстанда – жоқ», – деді министр Мәжіліс кулуарында. Министрдің сөзінше, қазіргі таңда мұнай нарығы өте құбылмалы. Соңғы уақытта баға бірнеше рет өзгерген. «Бір кезде мұнайдың баррелі 119 долларға дейін көтерілді. Қазір шамамен 87 доллар деңгейінде. Бағаның 80 доллар шамасында қалыптасуына алғышарттар бар. Себебі Парсы шығанағы елдерінің мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдар туралы ақпараттар…

Read More