Автор: admin

Алматы қаласында тоғызқұмалақ спортынан мектеп оқушылары арасында әлем чемпионаты аяқталды. Бірнеше күнге созылған әлемдік додада Алматы облысының шеберлері 2 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tarazy.kz Ұлттық зияткерлік ойындардың ең көне әрі терең мағыналы түрі – Тоғызқұмалақ биыл тағы да әлемдік деңгейдегі спорт мерекесіне айналды. Биыл 17–23 қараша аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер (U-15, U-17) арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатына дүниежүзінің 21 мемлекетінен ойыншылар келді. Бұл жарыс классика (онлайн және офлайн), рапид және блиц форматтарында ұйымдастырылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар зияткерлік шеберліктерін сынап, ұлттық ойынды халықаралық деңгейде насихаттайтын мүмкіндік алды. Турнир барысында еліміздің ең үздік төрешілері мен мамандары қызмет…

Read More

Алматыда 17–23 қараша аралығында жасөспірімдер (U-15, U-17) арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Шара Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында екінші рет ұйымдастырылып, ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімдігі, Мәслихат, спорт басқармасы, қоғамдық кеңес, ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Дүниежүзілік федерация және шетелдік делегациялар қатысты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. «Дүниежүзінен ондаған мемлекет қатысып отырған оқушылар арасындағы әлем чемпионаты тағы да жалауын көтеріп отыр. Біз бұл шараға атсалысқан барлық тоғызқұмалақ жанашырларына алғыс білдіреміз. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменовтің сәлемін жеткіземін. Ол кісі үнемі айтады: тоғызқұмалақта жеңілетіндер, ұтылатындар болмайды. Ұтатын — тек ұлттық мүдде. Бұл ойынға әлемдік қызығушылық артты», – деп атап өтті Қазақстан Тоғызқұмалақ…

Read More

Алматы облысының Райымбек ауданында Баққожа Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде ауданнан шыққан белгілі спорт майталмандарының қатысуымен “ХАН ТӘҢІРІ ЕТЕГІ — ЧЕМПИОНДАР МЕКЕНІ” атты форум өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Форумға КСРО кубогының иегері, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, КСРО және ТМД біріншілігінің қола жүлдегері, Азия чемпионы, Шығыс және Орталық Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Азия кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Мәулет Сатымбайұлы Мамыров, Кикбоксингтен европаның екі дүркін чемпионы Елмұрат Қайыпжанов, қол күрестің хас шебері, әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Береген Спатаев, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресі мен…

Read More

Алматы облысында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық көлік дәлізінің соңғы кезеңі болып табылатын «Ұзынағаш – Отар» (101–143 км) учаскесі ашылды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл — тек жол құрылысын аяқтау ғана емес, Жамбыл ауданы мен жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беретін маңызды дәліз. Ұзындығы 42 шақырым болатын учаскенің құрылысы 2024–2025 жылдары жүзеге асырылды. Бас мердігер — KLV Insaat Anonim Sirketi, техникалық қадағалаушы — Donsung Engineering компаниясы. Құрылыста 1,3 млн текше метр жер төсемі, 42 км қосымша ПГС қабаты, барлық жол қабаттары салынды. Мосттар мен су өткізу құрылыстары толық аяқталды. Жобада 163 техника бірлігі, 290 маман, 2 асфальт-бетон зауыты…

Read More

Бүгін Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми түрде іске қосты. Ашылуына университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қатысып, заманауи агробиостанцияның лентасы салтанатты түрде қиылды. Бұл жаратылыстану және география факультетінің білім алушыларына зерттеужұмыстарымен айналысып, тәжірибе жасауға жасалған үлкен мүмкіндік. Студентердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған Агробиостанция Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылында орналасқан. 38 гектардан астам аумақты қамтитын кешен студенттерге оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізуге, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және жаңа агротехнологияларды сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Заманауи оқу-зертханалық базада зертханалар, 60 адамға арналған жатақхана, асхана, жуынатын бөлмелер, спорт алаңдары мен көлік тұрағы қарастырылған. «Бүгін – университетіміз үшін маңыздытарихи…

Read More

Қазақстанның саяси сахнасында туыстық байланыс әлі де көрініс табады. Ескі Қазақстаннан бастау алған бұл феномен жаңа Қазақстанда да жалғасын тапқан. Dalanews.kz редакциясы билік пен мемлекеттік құрылымдарда қызмет етіп жүрген ағайынды тұлғалардың бірнеше мысалына шолу жасапты. Ағайынды Саировтар Ағайынды Ерлан және Серік Саировтар мемлекеттік салада кәсіби бедел қалыптастырып үлгерген. Ерлан Бияхметұлы Саиров қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Ол қоғамда өткір пікір білдіретін, саяси және әлеуметтік мәселелерге белсенді араласатын тұлға ретінде танылған. Саиров ұзақ жылдар бойы мемлекеттік басқару, ішкі саясат және идеологиялық бағыттарда қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап Еуразиялық интеграция институтын басқарды, ал 2021 жылы Мәжіліс депутаты ретінде қызметіне кірісті. Ал Серік Бияхметұлы…

Read More

Көпшілікке Jah Khalib атымен танымал әнші Бахтияр Мамедовтің Ақтөбе қаласында жоспарланған ән кеші өтпейтін болды, деп хабарлайды Tarazy.kz  Сенімді дереккөздің мәліметінше, әншінің концертін өткізбеу туралы шешімді жергілікті әкімдік хабарлаған. Одан бөлек, инсайдтық дерек бойынша Jah Khalibтің Қазақстан аумағында болатын барлық жеке концерті өтпейді. 32 жастағы әнші Қазақстан мен Ресейге, ТМД аумағында танымал репер. 2022 жылы Ресей мен Украина қақтығысы кезінде Киевте қалып қалған. Өзінің мәлімдеуінше, жары — украин ұлтынан. Құрсаудан аман шыққан соң, украиндықтардың қамқорлығы мен кең пейілдігін айтам деп Ресейдегі концерттері өтпей қалған. Естеріңізде болса, жуырда түбі әзербайжандық Ресей әншісі Akmalдың Қазақстандағы концерттері өтпей қалған.

Read More

Күні кеше Үкімет «Заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы» бекітті. Ондағы мақсат — қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін қалыптастыру, азаматтардың заңға бағынып, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру. Осыған орай І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті алғашқылардың бірі болып студенттерге «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында облыстық құрылымдық күштер саласының мамандарымен кездесу өткізді. Кездесуге Жетісу облысы прокуратурасының прокурорлары, Жетісу облысы Полиция департаменті кинология қызметінің мамандары қатысты.  Кездесу барысында прокуратура өкілі студенттерге заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы туралы айтты. «Құжат азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сот төрелігіне қолжетімділікті әрі қарай…

Read More

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағыпедагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің позициясын одан ары нықтай түсті. Бұл мәртебелі марапат еліміздің тұңғыш жоғары оқу орнына академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін табыс етілді. Корея Республикасының Сеул қаласындағыKorea университетінде Азиядағы жоғары білім ордалары үшін аса әлеуетті «QS Higher Ed Summit: Asia Pacific – 2025» саммитінің өтіп жатқанына бүгін үшінші күн. Осы салтанатты жиынбарысында Абай университеті QS Stars жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, Қазақстан жоғары оқу орындарына үлкен серпіліс әкелді. Бұл мәртебелі атақ – «5 Stars» үздік…

Read More

Белгілі журналист Серік Аббас-шах Qazaq Stroy компаниясын сынға алды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Ол компания кеңсесінде ұлттық болмыстан гөрі кеңестік дәуірдің әсері басым екенін айтты. “Мына фото Qazaq Stroy құрылыс компаниясының (Алматыдағы) бас кеңселерінің бірінде (Жұмалиев көшесі – 157) түсірілген. Бұлар өткенге қарап ұлып отырғысы келсе, атауын Qazaq Stroy емес, Ресей Stroy немесе Коммунистік Stroy деп атағаны дұрыс-ау шамасы..», — деді Серік Аббас-шах. Еске салайық, жақында Мемлекет басшысы Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады. Кездесу барысында құрылыс саласын дамытудың басты бағыттары, сондай-ақ жеке бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды.

Read More