Close Menu
    Оқылып жатыр

    Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

    23.04.2026

    Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

    23.04.2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 23 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

      23.04.2026

      Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

      23.04.2026

      Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

      23.04.2026

      Атақты «Ялла» тобының жетекшісі Тоқаевтың қолынан орден алды

      23.04.2026

      Қазақстан үшін «+1 визасыз ел»

      23.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

    Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

    Басты тақырып 23.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мамырда «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германиядағы Шведт зауытына бағытталған қазақстандық мұнай транзиті толық тоқтауы мүмкін. Осыған байланысты мұнайды қалай қайта бөлуге болады және оның экономикаға әсері қандай деген сұрақ туындайды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Qazaq Expert Club ұйымының көлік логистика саласындағы сарапшысы Айнұр Дивееваның айтуынша, Атырау — Самара бағыты арқылы «Дружба» жүйесіне шығатын маршрут Еуропаға мұнай жеткізудің тиімді әрі қалыптасқан тізбегі саналады. Оның үзілуі логистикалық тепе-теңдікті бұзып, жеткізу жүйесінің тұрақтылығына әсер етеді.

    Қысқа мерзімде нарық мұнайды қайта бағыттау арқылы бейімделеді. Сарапшының сөзінше, белгілі бір көлем Каспий арқылы Транскаспий бағытына жіберілуі мүмкін. Алайда бұл бағыттар қымбат әрі күрделі болғандықтан, солтүстік бағытты толық әрі жедел алмастыру қиын.

    Сонымен қатар, кейінгі жылдары Қазақстан мұнай экспортын әртараптандырып, балама бағыттарды дамытты. Бұл жағдай жүйеге осындай іркілістерде бейімделуге мүмкіндік береді және жалпы экспорт көлеміне айтарлықтай әсер етпейді.

    Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Венера Жаналина да мәселе қысқа мерзімге әсер ететінін айтты. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Атырау — Самара бағыты арқылы жылына шамамен 3 млн тонна мұнай тасымалданады, бұл жалпы экспорттың 3,7 пайызына тең.

    2025 жылы нақты жеткізілім көлемі 2,1 млн тонна немесе шамамен 2,6 пайыз болған. Демек, бұл көрсеткіш бүкіл экономика ауқымында аса үлкен үлеске ие емес, сондықтан бірден макроэкономикалық соққы келмейді.

    Сарапшылардың пікірінше, негізгі мәселе көлемде емес, логистикалық және транзиттік қауіп артуында. Бұл экспорттаушылар үшін қауіпті күшейтіп, шығынды арттырады.

    Германия дружба құбыр мұнай

    Оқылып жатыр

    Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

    23.04.2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026

    Атақты «Ялла» тобының жетекшісі Тоқаевтың қолынан орден алды

    23.04.2026

    Қазақстан үшін «+1 визасыз ел»

    23.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Германияға жете алмаған қара алтын: Қазақ мұнай енді қайда бағытталады?

    23.04.2026

    Елде тағы 16 автожолда орташа жылдамдық бақыланбақшы

    23.04.2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026

    Атақты «Ялла» тобының жетекшісі Тоқаевтың қолынан орден алды

    23.04.2026

    Қазақстан үшін «+1 визасыз ел»

    23.04.2026

    Жетімдердің үй кезегі неге жылжымайды: сенаторлар үкіметке сауал жолдады

    23.04.2026

    Қырғыздардың орысша атауларды өзгертуіне Дума депутаты қарсылық білдірді

    23.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.