Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 16 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » ҚазҰУ түлектер күнін тойлады

    ҚазҰУ түлектер күнін тойлады

    Мәдениет 25.05.2019
    kaznu.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    25 мамыр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үлкен және ұмытылмас оқиға өтті. Еліміздің жетекші оқу орны өзінің 85 жылдығын және Түлектер күнін атап өтті.

    Бұл күні «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында курстастармен, педагогтармен кездесу, университет мерейтойына және Түлектер Қауымдастығының 25 жылдығына арналған түлектердің II форумы жұмысына қатысу үшін 2 мыңнан астам түлек жиналды.

    Тұңғыш рет экс-студенттердің слеті 2014 жылы өтті, ал Түлектер күні мамыр айының соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде өткізіледі. Бақытты студенттік кезең, өмірдегі ұмытылмас сәттер университетпен байланысты. Өткен жылдарды еске алу, көптен күткен кездесу барлығы түлектерге күш-қуат беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Түлектер студенттік жылдары туралы естеліктерін сақтап, альма-матер өмірі жайында да үнемі қызығушылық танытып, үлкен өмірге жол ашқан университетінің әрбір жетістігі мен жеңісіне бірге қуанып отырады.

    Университет пен түлектер қоғамдастығы арасындағы дәнекер, іс-шараның ұйытқысы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы. Қауымдастықты 1981 жылғы заң факультетінің түлегі, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мами басқарады. Төралқа құрамына Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Кенжеғали Сағадиев, Ақмарал Арыстанбекова, Арманжан Байтасов, Алмасадам Сәтқалиев, Нұрлан Смағұлов және т.б. белгілі тұлғалар кіреді.

    II Форумның іс-шараларына университет түлектері, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми қоғам, бизнес-қауымдастық, Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден серіктес жоғары оқу орындарының, ҚР-дағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

    Таңғы сағат 10-да олар «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасына жиналды. Мереке меценаттардың Құрмет тақтасының тұсаукесерімен басталып, әл-Фараби және Өмірбек Жолдасбековтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Содан кейін қонақтар студенттер сарайында ҚазҰУ-дың жетістіктері мен дамуы туралы фотокөрмемен танысты.

    II Форумның салтанатты ашылуында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі. ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы Серік Сыдықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева, ақын және жазушы Олжас Сүлейменов, ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов, ҚР БҒМ департаментінің директоры Әділет Тойбаев, «Astana Group» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов және басқа да белгілі түлектер сөз сөйледі.

    ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың айтуынша, альма-матер өзінің тарихында қазақстандық элита кадрларының басты «ұстаханасы» болып табылады. Бүгінде ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне көшуде. QS жалпы танылған халықаралық рейтингте ол әлемнің 800 үздік ЖОО ішінен 220-орынға ие болып, топ-250 қатарына енді. ҚазҰУ ең экологиялық 200 университеттің қатарына және әлемнің технологиялық дамыған 50 университетінің қатарына кіретін қазақстандық жоғары оқу орындарының бірі және «түркі әлемінің ең үздік университеті» деп танылды.

    «Түлектер күнін тойлау идеясы Елбасының «Туған жер» бағдарламасымен үндеседі. Отанға деген құрмет еліне, туған ауылы мен қаласына деген махаббаттан басталады. Өзі білім алып, студенттік шағын өткізген, альма-матерге деген ерекше ықыласы – ол да жалпыұлттық патриотизмнің ең ерекше қыры. Біз экономика, ғылым, білім, мәдениет салаларында өз үлесін қосатын түлектерімізді мақтан тұтамыз. Біздің жыл сайынғы кездесулеріміз тамаша дәстүрге айналды және бірлік пен туған университеттің даму тарихына атсалысып келетініміздің айқын көрінісіне айналды», – деп атап өтті ол.

    «Мен Қазақстанның ең үздік ЖОО-ның түлегі екенімді бағалаймын. Альма-матер құрылған сәттен бастап дарынды да талантты мамандардың жинады. Қазіргі таңда түлектер біздің тәуелсіз республикамыздың дамуына өз үлестерін қосып, қолдау көрсетіп келеді. Мен мұны өте мақтан тұтамын және оларға осы баға жетпес үлес үшін алғыс айтамын», – деді Олжас Сүлейменов.

    Форумда университетпен байланысты қолдап қана қоймай, альма-матерге демеушілік көрсетіп жүрген түлектер марапатталды. Атап айтар болсақ «ҚазҰУ меценаты» сертификаттары механико-математика факультетінің түлегі Асылбек Қожахметовқа, журналистика факультетінің түлегі Арманжан Байтасовқа, химия факультетінің түлегі Абдрасил Жарменов пен Зелина Катрановаға берілді.

    «Бүгін сіздер университет қабырғасынан түлеп ұшасыздар, алдарыңызда бұралаң әрі белгісіз сапар күтіп тұр. Сіздерде талай шыңды бағындыруға деген үлкен мүмкіндіктер бар, қанша қиын болса да, болашаққа деген қадам мен жоспарды бүгіннен бастау керек. Барлық жаңалыққа ашық болыңыз, армандаңыз, ішкі компасыңызға сеніңіз, алға және биік белестерге ұмтылыңыз»!- деді, меценаттар атынан сөз сөйлеген Нұрлан Смағұлов.

    Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» медалімен Олжас Сүлейменов, Евразиялық гуманитарлық институттың ректоры, 1969 жылдың түлегі Амангелді Құсайынов, қазақстандық ғалым әрі қоғам қайраткері Рахман Алшанов, «Евразия» бірінші арнасының бас директоры Сергей Киселев, «Білімді ел» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ләззат Түркістанова марапатталды.

    Форум аясында «Bіzdіń elıta — Наша элита» кітабының үшінші томы және Альма – матер жетістіктері туралы фильм көрсетілді. Ресми іс-шаралар үлкен гала-концертпен аяқталды. Түлектер күні факультеттердегі кездесулермен жалғасып, қонақтар үшін кампус-тур ұйымдастырылды.

    Кешке ҚазҰУ-дың Орталық алаңында 2019 жылғы түлектер балы өтті.

    25 мамыр ҚазҰУ түлектер күні

    Оқылып жатыр

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19.05.2026

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    18.05.2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026

    Атақты «Ялла» тобының жетекшісі Тоқаевтың қолынан орден алды

    23.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.