Алик Шпекбаев Антикоррупциялық қызметтің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Facebook желісінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директорының орынбасарының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов хабарлады.
Еске салайық, кеше, 13 маусымда Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінген еді. Бұл жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
Ал Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басшысы болып Мәжілістің экс-депутаты Анар Жайылғанова тағайындалды.