Шымкент қаласында 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының ресми ашылу салтанаты наурыз айының жиырмасыншы жұлдызына белгіленген.
Ауқымды шара еліміздегі қазақилықтың қарашаңырағы болған үшінші мегаполистегі «Қажымұқан» орталық стадионында, сағат 18:00-де басталмақ!
Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен «Мәдени астана» мәртебесі жиынына ТМД елдерінен сыйлы қонақтар келіп қатысады. Аталмыш шара ТМД өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін ауқымды гала концертке ұласады!