Қазақстанда төрт ай ішінде өрттен 146 адам қайтыс болған,- деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство жылдың төрт айында республика бойынша тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу жариялады.
Шолудағы дереккке сүйенсек, жыл басынан бері «112» пультіне халықтан 2 102 612 қоңырау келіп түскен.
3 875 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркеліп, 486 адам зардап шеккен. Соның ішінде 151 адам қаза болып, 1 миллиард 272,75 миллион теңгеге материалдық нұқсан келген.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан 185 адам қаза болған. Техногендік сипаттағы жағдайлардың басым бөлігі (85,7 пайыз) өндірістік және тұрмыстық өрттен болған. Төрт айда 3 133 өрт болып, 146 адам қаза болған. 1 миллиард 208,33 миллион теңгеге материалдық нұқсан келген.
Біршама облыста өрт көрсеткіші едәуір өскен:
- Батыс Қазақстан облысында — 48,6 пайыз,
- Қостанай облысында — 44,4 пайыз,
- Жамбыл облысында — 42 пайыз,
- Атырау облысында — 39,7 пайыз,
- Абай облысында — 39,6 пайыз,
- Ұлытау облысында — 36,8 пайыз,
- Ақтөбе облысында — 23,1 пайыз,
- Алматы облысында — 24,3 пайыз,
- Жетісу өңірінде — 24 пайыз,
- Қызылорда облысында — 14 пайыз.