Димаштың Қытай серияларына арналған саунтрегі QQ MUSIC платформасында топ жарып, І-орынға шықты, — деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.
«Менің жаңа қытай сериалына арнап орындаған саундтрегім Қытайдағы QQ MUSIC платформасында бірінші орынға шықты. Ал мынау, I am singer жобасынан бері үш жыл бойына бірге жұмыс істеген қытайлық командаммен (Black Golden company қарасты агенттер, продюсерлер, менеджерлер) сурет). Жақында жаңа жобалар дүниеге келеді, күтіңіздер», делінген жазбада.