Эпит ахуал: Бір күнде 31 адам қайтыс болды

0
http://tarazy.kz/wp-admin/

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде өткен тәулікте пневмония мен коронавирустан 31 адам қайтыс болған. Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, олардың 10-ы белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмониядан, ал қалған 21-і коронавирустан көз жұмған.

Осылайша, елде коронавирустан өлгендер саны 1356 адамға жетіп отыр. Ал белгілері коронавирусқа ұқсас пневмониядан 1-13 тамыз аралығында 198 адам көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан соңғы ақпаратқа сай, Қазақстанда қазір коронавирустан 21 859 адам емделіп жатыр. Олардың 104-і – бала. 3,7 мыңнан астам науқас стационарда жатыр. 420 адамның жағдайы – ауыр, 103-інің жағдайы – өте ауыр. 80 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

Министрліктің мәліметінше, 1-13 тамыз аралығында коронавирустық пневмонияға шалдыққан 16 666 адам анықталған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.