Автор: admin
Семейде көлік ішінен екі адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Алдын ала мәліметке сәйкес марқұмдар Газель маркалы көліктің салонында болған. «Көлік оталып тұрған және ішінен жабылған. Дене жарақаты мен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі — газдан улану», — деді Абай облысы ПД өкілі. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Шымкентте аудан әкімінің қоластындағыларды соққыға жыққан видеосы тарады. Видеоны заңгер Айгүл Орынбек жариялады. Оның сөзінше, оқиға былтыр қазан айында болған, деп хабарлайды Tarazy.kz «Маған келген кезде «Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековке де, барлық құзырлы органдарға да хабарланған» деген болатын. Қаланың “мықты әкімі” бар емес пе, Ғабит Сыздықбеков заңды түрде шара қолданады деген үмітте болдым», — дейді заңгер. Ол бұл видео журналистерге тарала бастағанына қарағанда, әкімдік тарапынан ешқандай шара қабылданбаған болуы мүмкін дейді. «Видеода Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі өз қызметкеріне күш қолданып, ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Иә, қызметкер жұмысынан айырылып қалмас үшін әкімге қарсы арыз жазбауы мүмкін. Бірақ жанына қатты батқан адам…
Еліміз бойынша зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған мамандандырылған көмек кабинеттері ашылады. Бұл кабинеттерде кәмелетке толмағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Tarazy.kz. Балаға қолайлы ортада алғашқы психологиялық көмектен бастап сот-медициналық сараптамадан өтуге және бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама жүргізуге дейінгі барлық қажетті қызметтер бір жерде көрсетіледі. Бұл оның көптеген ұйымдарға бару қажеттілігін жойып, психологиялық тұрғыдан қайта жарақат алуына жол бермейді. Аталған жаңашылдық 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Норма 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енеді. Жақын арада кабинеттердің қызмет қағидалары бекітіліп, содан кейін өңірлерде оларды кезең-кезеңімен ашу жоспарлануда.…
Соңғы жылдары Иран Еуразияның баламалы көлік бағыттарының маңызды буынына айналды. Әсіресе Орталық Азияны Парсы шығанағы порттарымен және Үндістан мен Таяу Шығыс нарықтарымен байланыстыратын «Солтүстік–Оңтүстік» дәлізі туралы сөз болып отыр. Ирандағы соғыс Қазақстанға логистикалық тізбектер тұрғысынан қалай әсер етуі мүмкін екенін Qazaq Expert Club логистика саласының сарапшысы Айнұр Дивеева түсіндіреді. «Бүгінде Иран – Қазақстан экспорты мен транзиті үшін негізгі оңтүстік бағыттардың бірі. Қазақстаннан Иран бағытына және оның аумағы арқылы транзитпен тасымалданатын жүк көлемі жылына шамамен 2–3 млн тоннаны құрайды. Бұл елдің жалпы сыртқы сауда тасымалы көлемінің шамамен 5–7%-ына тең. Бұл ағымдардың негізгі бөлігін мыналар құрайды: •астық және ұн өнімдері – кей…
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді. Жақындарымызға алғыс айту – оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз. Қазіргі құбылмалы заманда бұл қасиеттің мән-маңызы ерекше, деп атап өтті президент. Сонымен қатар, осы мейрамда қиын-қыстау жылдары елімізді аман сақтап, ұрпаққа аса құнды әрі мол…
Иранда Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменейдің қайтыс болғаны расталды. Ол 86 жаста еді. Fars агенттігінің хабарлауынша, Ali Khamenei «Хусейн секілді шәһид болды» деп мәлімделген, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның қазасына байланысты елде 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланып, бүкіл ел аумағында жеті күн демалыс күні болып белгіленді. Сондай-ақ сол шабуыл салдарынан аятолланың төрт отбасы мүшесі – қызы, күйеу баласы, немересі және келіндерінің бірі қаза тапқаны хабарланды. Бұған дейін Жоғарғы көшбасшының қайтыс болғаны туралы ақпаратты Reuters агенттігі таратқан, кейін бұл мәліметті АҚШ президенті Donald Trump растаған. Ал Иран билігі бастапқыда бұл хабарларды жоққа шығарған болатын.
Шымкентте 7 жасар оқушының ата-анасына шағымынан кейін мектеп мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Мұғалім 7 жасар оқушыға жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасады деген күдікке ілінген. Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқушы үйіне келгенде 36 жастағы мұғалім тізесіне отырғызып, ерсі әрекет жасағанын жеткізген. Шымкент Полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Құқыққа қарсы әрекетті жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жедел тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәгерлер мен өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр. Барлық уәж тексеріліп, жиналған материалдар мен дерек жан-жақты талданады», — деді…
Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды Tarazy.kz Ақмола облысы әкімдігі мәліметінше, барлығы 26 адам зардап шеккен, соның ішінде 7 адам қаза тапқан (оның бірі — 16 жастағы қыз). 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген. «Денсаулық сақтау басқармасы қосымша медициналық бригадаларды жедел түрде жасақтады. Барлық ресурс жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмектер, санитария авиациясы оқиға орнына бағытталды. Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», — деп жазылған хабарламада. Зардап шеккен бес адам ТЖМ реанимобилімен Көкшетау қаласына жеткізілген. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Щучинскідегі…
2025 жылға қатысты жарияланып жатқан экономикалық статистикаға сәйкес, Қазақстанның тамақ өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі айтарлықтай артқан, деп хабарлайды Tarazy.kz Qz Economy.Талдау телеграм арнасы мән-жайды толық тарқатып жазды. Дереккөз мәліметінше, әңгіме негізгі капиталға бағытталған салымдар туралы сөз болып отыр. «Негізгі капиталға инвестициялар дегеніміз – кәсіпорындардың өндірісті дамытуға жұмсайтын қаражаты. Бұған ғимараттар салу немесе жөндеу, құрал-жабдық сатып алу мен жаңғырту, арнайы техниканы алу сияқты өндіріс қуатын арттыруға бағытталған шығындар жатады», — дейді дереккөз. Былтыр Қазақстанда азық-түлік өндірісіне салынған мұндай инвестициялар күрт өсіп, шамамен 390 млрд теңгені құрады. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 180 млрд теңге шамасында болған еді. Осылайша, өсім екі есеге жуықтап,…
Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында балалардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Құжат қолданыстағы шаралар мен бағдарламаларды тұтас жүйеге біріктіреді. «Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – әрбір баланың білім алу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғалу және отбасында тәрбиелену құқықтарын қамтамасыз ететін жүйелі әрі үйлестірілген тәсілді қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ, ведомствоаралық үйлестіруді нығайтуға бағытталған», — деді Жұлдыз Сүлейменова. Бүгінде елімізде 6 902 492 бала тұрады, бұл — халық санының үштен бірі. Кейінгі…