Автор: admin
Әйгілі Қарқара жайлауында өткен «Қымызмұрындық-2025» мәдени шарасы мен «Жолан жүйрігі» Республикалық ат бәйгесі ұлттық рухты көтеріп, дәстүрді дәріптеген ұлы тойға айналды. Әлемнің 10 мемлекетінен 10 000-нан аса адамжиналып, қазақ халқының байырғы салт-дәстүрі мен ұлттық спорт түрлерінің мерекесіне куә болды. Қымызмұрындыққа жаналған қауымды күбі піскен100 келіншек қарсы алды. Тағы 100 бойжеткенқонақтарға қымыз, ыстық бауырсақ пен майлы құртұсынды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген игі шарада қонақтарға 1000 литр қымыз тегін таратылды. Фото: Досжан Балабекұлы / «Фотоөнер» ҚБ Ары қарай кимешектер көрмесі, қолөнер шеберлерінің, этномәдени орталықтардың, ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларының, қолөнер және суретшілер көрмесімен жалғасты. Ал Қазақстан этнодизайнерлер одағы мүшелерікелушілерге шеберлік сабақтарын өткізді. Фото:…
15 маусым – Әкелер күніне орай Мойынқұм ауданында рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйіндегі Коворкинг орталығында өткен кездесудің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттап, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, жастарды тәрбиелік бағытта қолдау болды. Іс-шараға ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкінбаев, ауыл жастары мен тұрғындар қатысты. Сонымен бірге аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жамбылов жастармен кездесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында жастар мен әкелер ашық сұхбат құрып, отбасыдағы әкенің рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі жөнінде өзара пікір алмасты. Ардагерлер мен қоғам белсенділері жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылымды ойларын ортаға…
2025 жылғы 16-26 мамыр аралығында Өлгий (Моңғолия) қаласында тоғызқұмалақтан 11, 13, 15, 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында халықаралық жарыс өтті. Оған Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Моңғолия, Қазақстан елдерінен спортшылар қатысты. Жарысты Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы өткізді. Тоғызқұмалақтан ҚР жасөспірімдер құрама командасының іссапарына ҚР Туризм және спорт министрлігі, Самұрық-Қазына қоры мен Спорты қолдау қоры демеушілік қолдау көрсетті. Нәтижесінде классика бойынша, 11 жасқа дейінгі ұлдар: 🥇Mukhammad Amangeldi (Қазақстан); 🥈Diyar Baktybek (Қазақстан); 🥉Zhantileu Oryntai (Моңғолия); 🥉Askarbek Yerbol (Моңғолия). 11 жасқа дейінгі қыздар: 🥇Arna Kuvatova (Қазақстан); 🥈Dana Nazhkey (Қазақстан); 🥉Nazel Akhmetkalieva (Ресей Федерациясы); 🥉Amina Agarys (Моңғолия). 13 жасқа дейінгі ұлдар: 🥇Aisultan Kairidenov (Қазақстан); 🥈Zhassyn…
Алматы қаласындағы ALT University-де жас түлектерді жұмыспен қамту мақсатында арнайы комиссия отырысы өтті. Іс-шараға «Көлік және құрылыс» институтының «Автомобиль жолдары және аэродромдар» мамандығын аяқтаған түлектер қатысты. Комиссия отырысына бірқатар мекеме мен компания өкілдері қатысып, жас мамандарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін таныстырды. Олардың қатарында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны да бар. Аталған мекеме атынан HR қызметінің басшысы Әсем Мұхтарханқызы мен Алматы қалалық филиалының директоры Мәулен Тоқтарбайұлы комиссия жұмысына қатысты. Кездесу барысында жұмыс берушілер өз ұйымдарының қызмет бағытымен таныстырып, ашық вакансиялар туралы ақпарат берді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, жұмысқа орналасудың тәртібі мен талаптары түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар жоғары оқу…
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам сотталушы ретінде заңға тартылған. Олардың ішінде біреуі кәмелетке толмаған. Сот үкімімен: Абзал Шынасыл – ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5, 9 және 14-тармақтары (аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1, 7 және 9-тармақтары (екі немесе одан да көп адамды бұзақылық ниетпен адамдар тобы болып адам өлтіруге оқталу) бойынша айыпталған. Сот оған түпкілікті 23 жылға жаза тағайындады. Равиль Сакиев 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бап 3-бөлігі – 99-бап 2-бөлігі 7 және 9-тармақтары (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға сотталды. Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай,…
«Көлсай көлдері» МҰТП «Парктер шеруі-2025» табиғат қорғау акциясы аясында 85 іс-шара өткізіліп, 685 ағаш отырғызылды, 168 ұя орнатылды, 5,3 тонна қоқыс шығарылды. Шараларға 4252 адам қатысты. Бұл туралы Көлсай көлінде өткен акцияның қорытынды жиынында белгілі болды. Көлсай көлінде өткен қорытынды жиын мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдары мен суреттерінің көрмесінен басталды. Оқушылар табиғатты қорғау, экология тақырыбында 50-ден астам туынды ұсынды. Олардың ең үздігін кәсіпкер Қанат Өскенов сатып алды. Қалған сурет, қолөнер бұйымдары «Көлсай көлдері» МҰТП музейіне қойылмақ. Жиында үздік суреттер мен қолөнер бұйымдарының авторлары, сонымен қатар, табиғат туралы өз шығармашылығынан өлең шығару, би конкурстарының да жеңімпаздары арнайы сыйлықтарға ие болды. Биыл 19-рет…
Астана қаласында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол қойды. Меморандумның басты мақсаты — қазақ халқының ұлттық интеллектуалды спорты болып табылатын тоғызқұмалақты жан-жақты дамыту, оның тарихи-мәдени құндылығын насихаттау, кадрлық әлеуетті күшейту және спорттық білім мен ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту. Құжатқа Академия ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қуангалиева Тұрсынзада Қуанғалиқызы және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Байменов Әлихан Мухамедияұлы қол қойды. Келісім аясында тараптар келесі бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істейді: • тоғызқұмалақ спорты бойынша кадрлар даярлау және резерв қалыптастыру; • кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; • бірлескен ғылыми, әдістемелік және білім беру жобаларын…
21 мая в Анкаре состоялась международная конференция на тему «Возвращение в Западный Азербайджан как важное условие верховенства прав человека». Организаторами мероприятия выступили Агентство государственной поддержки неправительственных организаций Азербайджанской Республики, Союз азербайджано-турецких женщин, Общественное объединение «Дом Азербайджан-Турция» и Община Западного Азербайджана при партнерстве Бакинского международного центра мультикультурализма, Университета АДА и Центра анализа международных отношений. Как сообщает «Новая Эпоха» со ссылкой на Азертадж, в конференции принимали участие около 250 человек из Азербайджана и Турции, в том числе депутаты Великого национального собрания Турции (ВНСТ), представители государственных структур, ректоры университетов, ученые и предприниматели, представители неправительственных организаций и медиа. Мероприятие началось с исполнения государственных гимнов…
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 105 білім беру нысанының құрылысы аяқталды, ал қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Аталған жоба тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық қазақстандық баланы заман талабына сай сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кету керек, бұл мектептердің жартысына жуығы ауылдық жерлерде салынуда. Осылайша, 200 мыңнан астам ауыл баласы қазіргі заманғы жайлы білім беру ортасымен қамтылды. «Бұл жоба – елімізде орта білім сапасын арттыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған…
Нарынқолға апарар жолдың азабын неше жылдан бері Кеген мен Райымбек ауданы халқының жүйкесін жұқартқаны белгілі. Тәңіртауға қарай беталған көлік Кегеннен өте көлік біткен кібіртіктей бастайды. Рөлде мысықтай епті болмасаң, машинаңыз қазан шұңқырдан қаша-қаша шаршаған тұста, төрт дөңгелегіңіз төрт жаққа ұшып кетуі бек мүмкін. Ал жолаушылардың іш-құрылысы солқылдап, сүйектері сықырлап кетеді. Әр жолғы сапарда Нарынқолдың жолы қашан тақтайдай болады екен, қашан бұл жаққа шенділердің көзі түсіп, көңілі ауар екен деумен жүруші едік. Соны Астананың назарына салатын сәт келгендей. Журналистердің қаламына бір ілінсе, жол азабы азаяр дедік. Сөйтіп, өткен жұма күні Райымбек ауданына бір топ журналист ат басын бұрды. Кегеннен өтіп, Райымбектің…