Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 17 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

      17.03.2026

      Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

      17.03.2026

      Референдум нәтижесі жария болды

      17.03.2026

      Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

      17.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » МӘМС аясындағы барлық даулы жағдай емделушінің пайдасына шешілуі керек — министр

    МӘМС аясындағы барлық даулы жағдай емделушінің пайдасына шешілуі керек — министр

    Ел іші 06.01.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайы бойынша жұмыстарды тексеру мақсатында елорданың бірқатар медициналық нысанды аралады, — деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

    Министр Нұр-Сұлтан қаласының Орталық жол ауруханасында болып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы медициналық мекемедегі пациенттердің тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді.

    Қазіргі таңда аурухана бөлімшелерін басқа жерге көшіру үшін екі корпуста жөндеу жұмыстары аяқталды, олар: гинекологиялық корпус және жеті қабатты ғимарат.

    Тексеру барысында Елжан Біртанов қажет емес бөлмелерді оңтайландыру арқылы ауруларды қабылдау бөлмесінің ауданын ұлғайтуға назар аударды, сонымен қатар жедел және жоспарлы түрде келетін науқастардың ағымын реттеуді, хирургиялық корпусты жөндеу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

    Сондай-ақ, министр аталған медициналық мекеменің жағдайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іс жүзінде іске асырылуын, атап айтқанда, медициналық ақпараттық жүйелердің жұмысын және олардың интеграциялануын тексерді.

    Елжан Біртанов атап өткендей, МӘМС аясындағы барлық техникалық олқылықтар пациенттің пайдасына шешілуі керек және тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейін медициналық қызмет көрсету сапасының жақсарғанын сезінуі керек.

    Денсаулық сақтау министрлігі басшысының аралаған нысандарының бірі №2 қалалық емхана болды. Е. Біртанов МӘМС жағдайында пациенттерге қалай қаралып жатқанын және тұрғындар үшін қандай мүмкіндіктер жасалғанын қарады. Министр ақпараттық жүйелердің жұмысына, атап айтқанда, пациенттерді сақтандыру мәртебесі бойынша бөлуге және медициналық сақтандыру жүйесіне әлі қатыспаған азаматтарды тіркеуге ерекше көңіл бөлді.

    Медициналық ұйым мамандарының айтуынша, бұл емханаға күн сайын 440-қа жуық адам келеді, олардың 60 пайыздан астамында сақтандыру мәртебесі бар. Елжан Біртанов пациенттердің негізгі бөлігі — балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, жүкті әйелдер, студенттер — Медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарналар төлейтін 15 жеңілдікті санатқа енетінін ескере отырып, Министрліктің болжамдары бойынша, сақтандырылғандар кем дегенде 80 пайыз болуы қажет екенін атап өтті.

    Сондай-ақ, министр емхананың оңалту бөлімінің жұмысын және қалпына келтіру емінің бағдарламасын бағалады. Министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі көмектің осы түрін қаржыландыруды 12 есе арттыруды көздейтінін ескере отырып, пациенттердің саны көбірек болуы мүмкін екенін атап өтті.

    №2 қалалық емхананың оңалту және қалпына келтіру емі бөлімі 2020 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Мұнда мүгедектерге әлеуметтік, психологиялық және медициналық қолдау көрсететін оңалту көмегінің үшінші немесе кешенді түрі ұсынылады. Бұл Қазақстандағы жаңа қызмет түрі. Сауықтыру еміне ересектерді де, балаларды да қабылдайды.

    Сонымен қатар, 2019 жылдың шілдесінен бастап емханада «Д» есебінде тіркелген орталық жүйке жүйесі аурулары бар, психикалық-сөйлеу дамуы кешеуілдеген, Даун ауруы және аутизмі бар балаларға арналған оңалту бөлімі ашылды. Бас дәрігердің айтуы бойынша, бұл орталық Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық медициналық ұйымдар арасында алғашқылардың бірі болып ашылған. Емхана тәжірибесін басқа да ұйымдар өздеріне үлгі ретінде ала бастады.

    Денсаулық сақтау министрі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасымен бірге бірқатар басқа да медициналық нысандарды, соның ішінде теміржол ауруханасын, №3 перинаталды орталықты және тері-венерологиялық диспансерін аралап, онда МӘМС жағдайындағы медициналық көмектің ұйымдастырылуын тексерді. Басты назар дәрігерлердің пациенттерді қалай қабылдайтынына, ақпараттық жүйелердің қаншалықты дұрыс жұмыс жасайтындығына және жүгінген адамдардың сақтандыру мәртебесінің анықталу-анықталмауына аударылды.

    Еске салайық, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық көмек екі пакет — тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа үлгісі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетімен ұсынылады. Жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмек, оның ішінде негізгі диагностикалық қызметтер барлық азаматтар, оралмандар мен ел резиденттері үшін ақысыз болып қалады. Ал консультативті-диагностикалық көмек, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда емдеу тек сақтандырылған азаматтарға және қант диабеті, артериялық гипертензия, онкология, туберкулез, гепатит және т. б. әлеуметтік маңызы бар және негізгі созылмалы аурулары бар науқастарға ғана ақысыз көрсетіледі.

    ҚР денсаулық сақтау министрлігі Медициналық сақтандыру Үкімет

    Оқылып жатыр

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Мұнай қымбаттаса да жанармай бағасы өзгермейді — министр

    12.03.2026

    Ет экспортына жеңілдік, жұмыртқа импортына тыйым: Үкіметтің жаңа талабы

    06.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026

    Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

    17.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Астанада мұғалімдердің әлеуметтік төлемдері аударылмай келген

    17.03.2026

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.